напишите пожалуйста стихи ыбырая алтынсарина

  • "Балғожа бидің баласына жазған хаты" (Ыбырай Алтынсарин)

    Үміт еткен көзімнің нұры балам,
    Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам;
    Атаң мұнда анаңмен есен - аман,
    Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
    Атаңды сағындым деп асығарсың,
    Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың;
    Ата - анаң өнер білсең асырарсың,
    Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
    Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?
    Қолыңа құрық алып кетер едің.
    Тентіреп екі ауылдың арасында
    Жүргенмен не мұратқа жетер едің.